Оралда шетелдік жұмыс күшін пайдаланған фирма басшысы жауапкершілікке тартылды

Фотография - Оралда шетелдік жұмыс күшін пайдаланған фирма басшысы жауапкершілікке тартылды

Полиция қажетті рұқсатыз жұмыс істеген Сербиялық сегіз азаматты анықтады.

246 0

Орал станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімінің көші-қон полициясы қызметкерлері Орал қаласы әуежайының аумағында жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз жұмыс жасаған Сербияның сегіз азаматын анықтады, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Олар Орал қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен кінәлі деп танылып, әрқайсысына 25 АЕК түрінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, жұмыс беруші, яғни, Орал қаласындағы ЖШС-тің бірінің басшысы жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiк азаматтардың еңбегiн пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 100 АЕК түрінде айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Көліктегі ІІД-нің қызмет көрсету аумағы бойынша ҚР-на келу тәртібін бұзған 2 108 шет елдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, солардың ішінде 148-і елден тысқары шығарылды.


 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!