Шымкентте бір жасар қызды қарақұрт шақты

Фотография - Шымкентте бір жасар қызды қарақұрт шақты

Қазір оның жағдайы түзеліп қалды.

846 0

Шымкентте Абай атындағы демалыс паркінде бір жасар қызды қарақұрт шағып алған. Әйел адамның айтуынша, ол баланың қолымен өрмекшінің жүгіріп өткенін көрген, алайда, көп мән берместен оны қағып тастап ары қарай жүре берген, деп жазады Today.kz.

Үйге келіп әйел адам баласының мазасы кете бастағанын байқаған. Қыз жылай берген. Өне бойын қарап шығып, анасы қыздың қолы мен қолтығынан өрмекшінің шаққан іздерін көрген.

Әйел адм бірден жедел жәрдем шақырып, баланы токсикология бөліміне алып кетті. Бірнеше күн қыз бала жансақтау бөліміндегі барокамерада жатты. Қазір оның жағдайы түзеліп қалған.

Дәрігерлер дер кезінде көмекке жүгінбесе қарақұрттың шаққаны өлімге әкелетіндігін қайталап айтты. Айта кетейік, 2015 жылы Шымкентте өрмекшілер шағып, бірнеше адам зардап шеккен болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!