Астанада 22-қабаттан секірген қыз суицидке барған - болжам

Фотография - Астанада 22-қабаттан секірген қыз суицидке барған - болжам

Ресми мәліметке сәйкес, тексеріс кезінде қыздың аты-жөні анықталды.

486 0

Қайғылы оқиға шілденің 2-сіне қараған түні Астанадағы "Байқоңыр" тұрғын-үй кешенінде болған. Осы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала болжамға сәйкес, 1997 жылы туған қыз суицидке барған, деп хабарлайдыішкі істер органдары.

Ресми мәліметке сәйкес, тексеріс кезінде қыздың аты-жөні анықталды. Ол - Қостанай облысының 19 жастағы тұрғыны. Үйінде ол туған-туыстарымен көп жанжалдасқан көрінеді. Ал маусым айының ортасында жұмыс іздеймін деп, Астанаға кетіп қалған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, далада жүрген адамдар оның құлағанын көрген. Себебі ол күні Қадір түні болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!