Көкшетауда ауруханада өрт салдарынан 20-дан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Фотография - Көкшетауда ауруханада өрт салдарынан 20-дан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Өртті сөндіруге жеке құрамның 22 адамы және 9 техника бірлігі жұмылдырылды.

204 0

Көкшетауда облыстық ауруханада шыққан өрт салдарынан 20-дан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді деп, хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, өрт 3 маусымда 22.29-да Сабатаева 1 көшесі бойынша, "Ақмола облыстық ауруханасы" МКҚК-де болды.

"Үш қабатты ғимаратта екінші қабаттағы бөлмеде өрт шықты. 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 1 шаршы метр алаңдағы өрт 22.43-те сөндірілді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ",- деп хабарлады ТЖД-дан.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 22 адамы және 9 техника бірлігі жұмылдырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!