Алматыда "Арасан" моншасы маңында ыстық су атқылады

Фотография - Алматыда "Арасан" моншасы маңында ыстық су атқылады

Жер астынан атқылған ыстық су сол маңда тұрған Chevrolet көлігінің артқы бамперін жұлып алған.

229 0

Алматыда Қонаев көшесінің Әйтеке би және Қазыбек би көшелері аралығында судың қысымын тексеріп жатқан кезде магистральдық құбыр жарылды.

Жер астынан атқылған ыстық су сол маңда тұрған Chevrolet көлігінің артқы бамперін жұлып алған. Болған оқиғаның бейнежазбасын куәгерлер әлеуметтік желіде жариялап отыр.

"Аталған көшеде гидравликалық сынақ жүргізілген болатын. Соның барысында диаметрі 400 миллиметрлік құбыр жарылды", – деді "Алматы жылу жүйелері" ЖШС баспасөз хатшысы Наталья Инкина.

Қазір оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Инкинаның айтуынша, заңгерлер зардап шеккен көліктің иесіне өтемақы төлеу мәселесіне кірісіп кеткен. Оған сақтандыру төлемақысы жасалады. Зардап шеккендер жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!