Қапшағай саяжайында табылған нәресте қайтыс болды

Фотография - Қапшағай саяжайында табылған нәресте қайтыс болды

Анасы тастап кеткен баланың жағдайын дәрігерлер ауыр халде деп бағалаған.

521 0

Қапшағайдың "Құрылысшы" саяжай кооперативінде 3 шілдеде табылған жаңа туған нәресте шетінеп кетті, - деп хабарлайды Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

"Нәресте ауруханаға 3 шілдеде шамамен сағат 11:35-те түсті. Оны қытайдың сөмкесімен алып келді. Жағдайы мүшкіл болды. Дәрігерлер оны құтқармақ болды, алайда өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Кімнің тастағаны белгісіз. Тергеу органдары анасын іздестіріп жатыр", - деп хабарлады аталған мекеме өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, Жедел жәрдем дәрігерлері нәрестені Қапшағайдың ауруханасына жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызды.

"Нәресте - азиялық түр-сипаттағы қыз бала, суықтап қалған, мерзіміне жетпей туған белгілері бар, жағдайы ауыр", - деп хабарлады дәрігерлер.
Бұл оқиға туралы немесе нәрестенің анасы жайлы мәліметі барлардан +7(72772) 4-71-04, 4-68-41 немесе 102 номеріне хабарласу сұралып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!