Алматыда 68 жасар ресейлік вагон төбесіне шығып алғандықтан пойыз тоқтатылды

Фотография - Алматыда 68 жасар ресейлік вагон төбесіне шығып алғандықтан пойыз тоқтатылды

Ұсталған азаматтың айтуы бойынша ол билетке ақшасы болмағандықтан осындай әрекетке барған.

321 0

Ағымдағы жылдың 3 маусым күні Көліктегі ІІД Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальонының 2-ші рота полицейінен "Алматы-1-Шамалған" өткелінде "Алматы-Атырау" бағытындағы жолаушылар пойызы машинисінің вагон үстінде адам бар болуына байланысты пойызды шұғыл тежегені жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Көлік полицейлері құқық бұзушыны ұстады. Ол Ресей Федерациясының 68-жастағы азаматы, Орынбор облысының тұрғыны болып шықты.

Ұсталған азаматтың айтуы бойынша ол билетке ақшасы болмағандықтан осындай әрекетке барған.

Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 560 бабының 1 тармағы (Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды заңсыз тоқтату) бойыншы әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың басынан бері Департаменттің қызмет көрсету аумағы бойынша 824 шұғыл тежеу фактісі тіркелген, соның ішінде темір жол бойында бөгде адамның болуына байланысты – 375. Темір жолды белгіленбеген жерден өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны - 15 501 адам.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!