Алматыда жолаушылар автобусы жеңіл көлікке соқтығысты

Фотография - Алматыда жолаушылар автобусы жеңіл көлікке соқтығысты

Куәгерлердің сөзінше, жолдың осы бөлігінде жүргізушілер жол ережесін жиі бұзады.

190 0

Алматыда №106 бағытындағы жолаушылар автобусы Audi көлігімен соқтығысты, деп жазады Today.kz.  Жол оқиғасы "Алатау" базарының маңында болды.

ЖКО таңғы 10:00 шамасында Солтүстік айналма жолда болған. Куәгерлердің сөзінше, жолдың осы бөлігінде жүргізушілер жол ережесін жиі бұзады.

"№106 бағытындағы автобус қоғамдық көлік жолағымен келе жатқан, ал Audi тура алдынан атып шықты. Ол автобустың алдын кесіп өтіп, "Алатау" базарына кірмек болған. Автобус тоқтай алмай, жеңіл көлікті соқты. Екі көліктен де зардап шеккендер болған жоқ, автобуста адам аз болатын", - дейді куәгер.

ЖКО орнында полиция қызмектерлері жұмыс атқаруда. Жүргізушілер ауруханаға барудан бас тартып, куәлік беруде.

Фото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!