Ақтауда жезөкшелер клиент үшін жаппай төбелескен

Фотография - Ақтауда жезөкшелер клиент үшін жаппай төбелескен

Бұл қаладағы қыздардың алғашқы жаппай төбелесуі емес.

19970 1

Төрт жезөкше Ақтау көшесінде жаппай төбелескен. Полицейлер анықтағандай, бикештер клиентті бөлісе алмаған, деп жазады Today.kz аймақтық "Лада" порталына сілтеме жасай отырып.

Оқиға өткен демалыс күндері кешкісін №4 ықшамауданындағы жағажайда болған. Қыдырып жүрген үш қыздың жанына Infiniti маркалы көлікпен ер адам тоқтаған.

"Ер адам көлікке ең әдемі қыздың келуін сұраған. Осы уақытта тағы екі қыз пайда болған. Екі арада қыздар өзара сөзге келіп қалып бір қыз лезде қашып кетеді, ал төртеуі төбелесе бастаған. Көліктегі ер адам да ол жерден кетіп қалған", - делінген хабарламада.

Бикештерді полиция бөлімшесіне жеткізген. Төрт бикеш те ­– коммерциялық секс қызметкерлері болып шыққан. Оқиғаның өзге жайттары белгісіз.

Естеріңізге салсақ, бұл Ақтаудағы қыздардың жаппай төбелесінің алғашқы оқиғасы емес. 29 маусымда осы жағажай аумағында орналасқан №7 ықшамауданда да қыздар төбелес ашқан. Оның себептері белгісіз. Желіде төбелестің бейнеролигі жылдам таралуда.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Анар 5 шіл. 2016

Явно не местные! Не позорте наш Актау!

Жауап беру