Алматы облысында нәрестесін дәретханада тастап кеткен ананы полиция іздеуде

Фотография - Алматы облысында нәрестесін дәретханада тастап кеткен ананы полиция  іздеуде

Тергеу нұсқасы бойынша, әйел адам дәретхананың ішінде босанып, шұңқырға тастап кеткен.

4818 0

Алматы облысы ІІД қызметкерлері жаңа туған нәрестесін жер үйдің дәретханасына тастап кеткен әйелді іздестіруде, деп жазады Today.kz. Бала Алматы облысындағы Ақши ауылынан табылды.

"Жаңа туған нәресте кеше табылды, бірден Алматының аймақтық балалар клиникалық ауруханасына жеткізді. Қыз қатты тоңып қалған, дегенмен қазір бәрі жақсы. Бала жетілген, салмағы 3,3 килограмм, бойы 51 сантиметр. Анасы оны дәретханада неге тастап кеткені түсініксіз. Қазір ол ауруханада, жағдайы түзелген соң балалар үйіне ауыстырамыз", - дейді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Нәрестені жергілікті тұрғын әйел тауып алған.

"4 шілде сағат 07:30 шамасында Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылының әйел тұрғыны дәретханаға шығып, баланың жылаған дауысын естіген. Ол есікті ашып, ұлын шақырған екен. Ер адам дәретхананы бұзып, баланы алып шыққан. Оны үйге алып кіріп, жуындырады және полиция мен дәрігерлерді шақырған", - делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнын қарау кезінде полицейлер іш киімді, ал дәретхана шұңқырының түбінен кіндікті тапқан. Тергеу нұсқасы бойынша, әйел адам дәретхананың ішінде босанған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 199-бабы "Қауіпке қалдыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұқсас жағдай 3 шілде күні болған, жаңа туған нәрестенің анасы Қапшағай маңындағы "Строитель" саяжай кооперативі аумағында шөпке тастап кеткен. Кейін балақай ауруханада көз жұмды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!