Удмуртияда автобус аялдамасын ұрламақ болған ұрылар ұсталды

Фотография - Удмуртияда автобус аялдамасын ұрламақ болған ұрылар ұсталды

Келтірілген залал 50 мың рубль. Қаскүнемдер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

731 0

Удмуртия полицейлері жергілікті тұрғын, екі ұрлықшыны тұтқындады. Бұрындары сотталған олар аялдама констукциясын жүк көлігіне тиеп қозғалмақ болғанда, жергілікті билік өкілдерінің басшысы тоқтатқан, деп хабарлайды РИА Новости. 

"Шабердинское" МҚ тиесілі аялдама кешенін ұрламақ болды деген хабар "Завьяловский" полиция бөліміне  түскен. Жергілікті муницияпалды құрылғы басшысы Дмитрий Королев және де ауыл тұрғындары аялдама кешенін ұрламақ болғандардың жолын бөгеген. Королевтың айтуынша қаскүнемдер өздерін жол жөндеу мекемесінің жұмысшыларымыз деп таныстырған және де жаңа аялдаманың салынатындығын айтып ескісін бұзып алып кетпек болған. Жергілікті елдімекен басшысы бұған сенбестік танытып, басқада тұрғындармен бірге полицияның келуіне дейін бұзақылардың жолдарын бөгеп тұрған", - делінген хабарламада. 

Ресей ІІМ хабарлауынша,  оқиға орнына келіп жеткен полицейлер бұзақыларды тұтқындаған. Олар бұрындары сотталған болып шыққан. Қылмыстық іс ашық түрде тұрған мүлікті ұрлау фактісі бойынша қозғалған. Келтірілген залал 50 мың рубль. Қаскүнемдер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!