Оңтүстікафрикалық спортшы құрбысын өлтіргені үшін алты жылға сотталды

Фотография - Оңтүстікафрикалық спортшы құрбысын өлтіргені үшін алты жылға сотталды

2014 жылы қазан айында ол абайсызда адам өлтіргені үшін бес жылға бостандығынан айырылған.

242 0

Оңтүстікафрикалық жеңіл атлет-ампутант Оскар Писториус жан серігі - фотомодель Рева Стенкампты өлтіргені үшін алты жылға сотталды, деп хабарлайды РИА Новости Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Спортшы үкім жарияланған соң сот залында қамауға алынды.

2014 жылы қазан айында ол абайсызда адам өлтіргені үшін бес жылға бостандығынан айырылған. Писториус бір жылдан кейін бақылауға алынып, бостандыққа шығарылды.  2015 жылы 3 желтоқсанда ОАР Жоғарғы апелляциялық соты прокурордың шағымын қанағаттандырып, Писториус әдейі адам өлтіруде айыпты деп тану дұрыс деп бекітті. Бұл жағдайда паралимпиадалық 15 жылға бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Оқиға 2013 жылы 14 ақпанда Писториус үйінде орын алды. Жеңіл атлет ішінде қыз отырған әжетхананың жабық тұрған есігіне қарата бірнеше рет оқ атқан. Спортшының айтуынша, ол қызды тонаушы деп ойлап қалған.

Писториус — Паралимпиада ойындарының алты дүркін чемпионы. Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!