Алматыда полициядан қашқан жүргізуші үлкен ЖКО-ға себепкер болды

Фотография - Алматыда полициядан қашқан жүргізуші үлкен ЖКО-ға себепкер болды

ЖКО-да алты адам зардап шекті.

2904 0

Алматыда Audi жүргізушісі полициядан қашамын деп, төрт бірдей көлік соқтығысқан ЖКО-ға себепші болды, деп жазады Today.kz. Оқиға кезінде алты адам зардап шекті.

Жеңіл көліктер мен фургон Сүйінбай даңғылының бойында, Бекмаханов көшесінен төмен орналасқан "70-ші разъезд" аялдамасының маңында сағат 11:00 шамасында соқтығысқан. Audi жүргізушісі жол ережесін бұзып, полиция қызметкерлерінің көзіне түскен. Олар көлік соңына түсіп, оған тоқтауға бұйрық берген. Алайда жүргізуші қуаласпақ ойнаймын деп өзі де зардап шекті.

"Ол қарсы бетке шығып кетті, ал арырақ жерде "Газель" солға бұрылып жатқан. "Газель"  бұрыла бергенде Audi жылдамдықпен келіп оған соқтығысты, содан олар жол бойында Volkswagen мен Toyota көліктеріне барып соғылды", - дейді куәгер.

Фото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kz

ЖКО нәтижесінде фургондағы үш адам, Audi көлігіндегі екі жолаушы мен жүргізушінің өзі зардап шекті. Алты адамды да жедел ауруханаға жеткізді. Зардап шеккендер арасында бір әйел адам бар.

"Газель" көлігі балмұздақ тасымалдап жүргені белгілі болды.

Оқиға орнынада полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!