Қарағандыда жоғалған алты жасар қыз бала табылды

Фотография - Қарағандыда жоғалған алты жасар қыз бала табылды

Полиция сәбидің не үшін үйден кетіп қалғанын тексеруде.

638 0

Қарағандыда жоғалған алты жасар Дарья Пахатаева табылды, деп хабарлайды Today.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицияның мәліметінше бала тұрмысы нашар отбасыдан.Құқық қорғау орындарының қызметкерлері сәбидің не үшін үйден кетіп қалғанын анықтауда.

"Іздеу шаралары нәтижесінде жоғалған Дарья Пахатаева Октябрь ауданынан табылды. Сәбидің жағдайы жақсы", делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада.

Естеріңізге салсақ, алты жасар Дарья Пахатаева 4 шілде күні Қарағандыда 33-шахта аумағында жоғалған болатын. Бала үйден түс кезі бола қоймаған уақытта шығып кеткен. Кейін оны мектеп маңындағы ойын алаңынан көрген, алайда ол үйіне сол қалпы оралмаған.Қыздың ата-анасы Полицияға келесі күні,яғни 5 шілдеде хабар берген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!