Қостанайда бейтаныс жігіт 13 жастағы қыздың көзіне қасақана оқ атқан

Фотография - Қостанайда бейтаныс жігіт 13 жастағы қыздың көзіне қасақана оқ атқан

Оқ пневматикалық қарудан атылды

226 0

Қостанай қаласының тумасы, болашағынан зор үміт күттіретін 13 жасар тенннист қызға 18 жастағы бейтаныс жігіт оқ атты.Оқ пневматикалық қарудан атылды, деп хабарлайды Today.kz Қостанайдағы офтальмологиялық ауруханаға сілтеме жасап.

"Оқ көз алмасын жарып өтіп, сол жерде тіреліп қалған. Сәл болғанда қыздан айырылып қалатын едік. Оқты шығарып алмаймыз. Оның қазір қажеті жоқ. Оқ рентгендік-контрастты, яғни металдан жасалған. Магнитпен шығармақ  болған әрекетімізден ештеңе шықпады. Шамасы, тіндерге байланып қалған. Біздің мақсат – көзді аман сақтап қалу. Көздің ары қарайғы жұмысы жайлы ештеңе айта алмаймыз. Жасөспірім қыз өзіне шабуыл жасаған жігітті танымайтындығын, бірақ оның туысын танитындығын айтты", - деп хабарлайды дәрігерлер.

Ақпарат көзінің мәліметінше, жәбірленушіге шабуыл жасаған кезде қыз өзінің құрбысымен болған. Сондай-ақ ауруханада жараланған қыз үлкен тенниспен айналысқанын және болашағынан зор үміт күттіргенін жеткізді.

Аймақтың ІІД шабуыл фактісін растап, қазір қылмыскерді іздеу үстінде екендігін жеткізді. 

"Жігіт оқ атып, оқиға болған жерден қашып кеткен. ҚР ҚК 106 бабына сәйкес "Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді" деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер ізделуде. Экспертиза тағайындалды", деп хабарлады Қостанай облысы ІІд баспасөз қызметінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!