Астанада студент Ерасыл Әубәкіровты өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды

Фотография - Астанада студент Ерасыл Әубәкіровты өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды

ІІМ Тергеу комитеті әзірге бұлы істің барлық мән-жайын ашып көрсеткен жоқ

547 0


Астаналық медецина университетінің 23 жасар студенті Ерасыл Әубәкіровты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды, деп жазады Today.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ерасыл Әубәкіровты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды. Барлық зардап шеккендер мен олардың өкілдеріне, күдіктілерге, олардың қорғаушыларына тергеу амалдарының аяқталғаны жария етілді, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды", - деп хабарлады Today.kz редакциясына ведомствоның мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

ІІМ Тергеу комитеті әзірге бұлы істің барлық мән-жайын ашып көрсеткен жоқ. Оларды жаңарту керек пе, жоқ па, оны прокуратура шешеді. Әзірге прокуратура оған рұқсат берген жоқ.

Естеріңізге салсақ, Астанадағы медецина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанада жоғалып кеткен. Оны бір апта бойы полиция және көптеген еріктілер іздеген. 10 ақпанада жігіттің денесі табылды. 12 ақпанда ҚР ІІМ сараптама оның адам қолынан қаза тапқанын көрсеткендігін хабарлаған. Ерасыл Әубәкіровтың аяусыз соққыға ұшырағанын 11 ақпанда туыстары айтып берген болатын. 27 маусымда Ерасыл Әубәкіровты өлтіруге күдікті, өскемендік бизнесменнің ұлы Аян Мейірбаевтың қамаудан босатылғаны белгілі болды. Өзге үш күдікті әлі де қамауда отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!