Алматы облысында сарбаз қатарластарының тепкісінен көз жұмған

Фотография - Алматы облысында сарбаз қатарластарының тепкісінен көз жұмған

Даниэль Сайфуллин Маңғыстау облысы Маңғышлақ ауылынан мамыр айында әскер қатарына шақырылған болатын.

1018 0

Алматы облысында Маңғыстаудан әскер қатарына келген жігітті өзге сарбаздар тепкіге алып,салдарынан соққы алған сарбаз мерт болды, деп жазады Today.kz  Маңғыстау облысының қорғаныс істері бойынша департаментіне сілтеме жасай отырып.

"№29108 әскери бөлімінде әскер қатарына шақырылғандар арасында қайшылық туған. Қатардағы жауынгер Бекгжан Баймұратов сарбаз Даниэль Сайфулинді ұрған. Соңғысы алған жарақатынан көз жұмды", - дейді Маңғыстау облысының қорғаныс істері бойынша департаменті басшысы міндетін уақытша атқарып отырған Сейтек Шамшырақов.

Қатардағы жауынгер көз жұмған оқиға Алматы облысын Сарыөзек ауылында болған. 11 шілдеде көз жұмған жауынгердің туған ауылында жерлеу рәсімі өтті.

"25 мауысмда ант қабылдаған, бәрі жақсы болатын. Өзім бара алмадым, туыс әпкем барды. Көз жұмардан бір күн бұрын қоңырау шалып, "анашым, бәрі жақсы, бір казармада тек бірге шақырылғандар ғана, бұрын шақырылғандарға қатысымыз жоқ" деген. Ал 7 шілдеде әскери комитеттен келіп, ұлыңыз көз жұмды деді... Диагнозы – жабық бас сүйек-ми жарақаты, басында тамыр жарылған, ештеме істей алмаған. Үлгілі бөлімше, жарғыдан тыс қарым-қатынас жоқ деген еді. Енді баланы табытқа салып алып келді. Бейбіт уақытта, бекерден бекер жан тапсырды. Енді аналар ұлдарын қалай жібермек!" – дейді көз жұмған сарбаздың анасы Инга Сайфулина.

Өлімге кінәлі қатарластары қамауға алынды. Тергеу шаралары өткізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!