Алматыда 12-ші қабаттан құлап кеткен бала көз жұмды

Фотография - Алматыда 12-ші қабаттан құлап кеткен бала көз жұмды

None

340 0

Алматыда екі жасар бала 12-ші қабаттан құлап кетіп мерт болды. ТЖ "Премьера" тұрғын үй кешенінде болды, деп жазады Today.kz қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Қайғылы оқиға уақытында баланың әке-шешесі үйде болмаған, бала туысының қарауында қалған.

"Оқиға сағат 13:30 шамасында Наурызбай ауданындағы "Премьера" тұрғын үй кешенінің 12-ші қабатында орналасқан пәтерде болған. Ұл бала құлап кеткен, 2,5 жаста. Ата-анасы үйде болмаған, туысқан әпкесінің қарауында болды. Бала бірден көз жұмған. Оқиға СДТБТ-ға тіркелді. Оқиғаның мән-жайын тергеушілер анықтайды", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Қазақстанда шілденің басынан мұндай бірнеше оқиға тіркелген. 3 шілдеде Өскеменде қараусыз қалған 11 айлық бала бесінші қабаттан құлаған. 9 шілдеде балақай алған жарақаттардан көз жұмды. Кейін анықталғандай, балақайдың анасы мас күйінде пәтерде ұйықтап қалған. Өзге жағдай Қарағандыда болды. Үш қабатты үйдің екінші қабатынан бір жасар бала құлап кеткен. Дәрігерлердің мәліметінше, баланың бас миы шайқалып, шүйдесі ісіп кеткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!