Астанада жедел жәрдем жеңіл көлікке соқтығысып, аударылып қалған

Фотография - Астанада жедел жәрдем жеңіл көлікке соқтығысып, аударылып қалған

ЖКО салдарынан жедел жәрдем жүргізушісі мен екі дәрігер зардап шекті.

455 0

Астанада 12 шілде күні жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысып қалды, деп жазады Today.kz қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 ЖКО сағат 10:00 шамасында Бөгенбай батыр мен Сарыарқа көшелерінің қиылысында болды. Жедел жәрдем жүргізушісі жарық белгілерін қосып келе жатып, көшелер қиылысында Ford көлігіне соқтығысып аударылған. Нәтижесінде жүргізуші мен екі медецина қызметкері жарақат алған. Жедел жәрдем шақырту бойынша кетіп бара жатқан болатын.

ЖКО фактісі бойынша Астана ІІД тексеріс бастап кетті. Полиция бейнекамералардағы жазбаларды қарауда.

Естеріңізге салсақ, 7 шілдеде Шымкент қаласында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған ЖКО-да төрт адам зардап шеккен болатын. Жедел жәрдем пациентті ауруханаға жеткізу үшін асығып келе жатып, өзге көліктен оза бере аялдамадағы автобусқа соғылған. Ал, 6 шілде күні Алматыда жедел жәрдем мен Lexus көлігі соқытығысқан. ЖКО салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен салонда отырған дәрігер зардап шегіп, оларды ауруханаға жеткізуге тура келді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!