Алматыда ЖКО салдарынан 26 жасар қыз мерт болды

Фотография - Алматыда ЖКО салдарынан 26 жасар қыз мерт болды

Оқыс оқиға қаланың орталығында орын алды.

433 0

Алматыда ЖКО салдарынан 26 жасар қыз қайтыс болды, тағы бесеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Today.kz. ЖКО 12 шілдеде орын алды. Оқиға куәгерінің мәліметінше екі көлік Абай мен Брусиловский көшелерінің қиылысында соқтығысып қалған.

"Daewoo Nexia көлігі Брусиловский көшесімен солтүстік бағытқа жүріп келе жатқан. Toyota Ipsum көлігі Абай көшесімен батыс бағытын бетке алған. Көліктердің екеуі де бағдаршамның түсбелгісі жасылдан сары түске ауысар сәтіне тура келген. Нәтижесінде екі көлік соқтығысып қалды. Көліктерінің бірі қырғыз номерімен жүрген", - дейді куәгер.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасында апаттан зардап шеккендер қаланың медициналық мекемелерінде тексеруден өтіп жатқандығын хабарлады. 

Фото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kz

"ЖКО-дан зардап шеккен бес адам түрлі ауруханаларға жеткізілді: екеуі орталық ауруханаға, облыстық, жетінші қалалық және қалалық шұғыл-жедел көмек көрсету ауруханасына бір-бір адамнан жеткізілді. Қазір зардап шеккендерді тексеруде, олардың жағдайы кейінірек белгілі болады", -деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлә Кеңесбаева.

Алматы қаласы ІІД-нен белгілі болғандай Абай мен Брусиловский көшелеріндегі ЖКО таңғы сағат 05:20-да болған.

"ЖКО салдарынан 26 жасар қыз бала қайтыс болды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп атап өтті Алматы қаласының  ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Аталған оқиға бойынша бірқатар сараптама тағайындалды, соның нәтижесі бойынша адам өлімі болған ЖКО-ға кінәлі тарап анықталады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!