Ерасыл әубәкіровтың өліміне қатысты іс 10 томнан асады

Фотография - Ерасыл әубәкіровтың өліміне қатысты іс 10 томнан асады

Тараптар іс материалымен танысуда.

638 0

Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты қылмыстық іс 10 томнан асты. Бұл туралы Today.kz  тілшісіне күдікті Нұрбек Әжімбайдың қорғаушысы Ғабиден Бөкенов айтып берді.

"Мен де өзгелер сияқты жария етпеу құжатына қол қойғам. Қазір іспен танысу жүріп жатқанын ғана айта аламын. Істің томдары айтарлықтай көп – он томнан асады. Артық ештеме айта алмаймын", - дейді Ғабиден Бөкенов.

Студенттің өліміне қатысты даулы іс жарты жылдан астам уақыт тергелді. Басында іс бойынша төрт күдікті болған. Жақында олардың бірі Аян Мейірбаев қамаудан босатылды. Өскемендік бизнесменнің ұлының амалынан қылмысық әрекет табылмады. Өзге үш күдікті қамауда қалып отыр.

Естеріңізге салсақ, Астанадағы медецина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанада жоғалып кеткен. Оны бір апта бойы полиция және көптеген еріктілер іздеген. 10 ақпанада жігіттің денесі табылды. 12 ақпанда ҚР ІІМ сараптама оның адам қолынан қаза тапқанын көрсеткендігін хабарлаған. Ерасыл Әубәкіровтың аяусыз соққыға ұшырағанын 11 ақпанда туыстары айтып берген болатын. 27 маусымда Ерасыл Әубәкіровты өлтіруге күдікті, өскемендік бизнесменнің ұлы Аян Мейірбаевтың қамаудан босатылғаны белгілі болды. Өзге үш күдікті әлі де қамауда отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!