864

Полиция 13 жасар қостанайлық спортшы қыздың көзінен атқан күдіктіні әлі таппады

Күдіктіні іздеу алтыншы тәулікке жалғасуда.
Фотография - Полиция 13 жасар қостанайлық спортшы қыздың көзінен атқан күдіктіні әлі таппады

Қостанай облысының полицейлері 13 жасар қыздың көзіне оқ атқан адамды алтыншы күн бойы табалмауда, деп жазады Today.kz. 18 жасар шабуылдаушының тұлғасы анықталғаны белгілі.

"Әзірге ештеме жоқ. Күдіктінің орналасқан жерін анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлайды Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметінен.

Қыздың ата-анасы оны Мәскеуге емдеуге алып кетті.

Естеріңізге салсақ, 8 шілде күні болашағынан үміт күттіретін Қостанайлық 13 жасар тенисші қыздың көзіне оған таныс емес 18 жасар жігіт оқ атқан. Оқ көзге тиген. Қостанай дәрігерлері оны алып тастамайтындығын мәлімдеді.