13 жасар қарындасын зорлағаны үшін сотталған Сәтпаев тұрғыны аппеляцияға бермек

Фотография - 13 жасар қарындасын зорлағаны үшін сотталған Сәтпаев тұрғыны аппеляцияға бермек

Ол дүниеге келген қызын өз атына жазуға дайын.

832 0

Өзінің 13 жасар туыс қарындасын зорлады деп айыпталып, бес жылға сотталған 19 жасар Сәтпаев қаласының тұрғыны аппеляцияға бермек, деп жазады  Today.kz сотталушыың ата-анасына сілтеме жасай отырып.

"Сөзсіз аппеляциялық арыз болады. Ұлым кінәлі емес, зорлық болған жоқ. Сот пен прокуратура осы байланыстан туған алты айлық нәрестені әкесіз қалдырды", - дейді жігіттің әкесі.

Ал зардап шеккен тарап сот шешіміміен келіседі.

"Қызымыздың жүкті екенін бізден жасырғаны өтірік. Ол өзі алты айлық жүктілігі кезінде білді бұл туралы. Ол тым жас дене бітіміндегі өзгерістер нені білдіретіндігі жайында түсінігі де болмаған", - дейді 13 жасар қыздың анасы.

Дүниеге келген қыз бала атасының атына жазылды.

"Сәтпаев – кішкене ғана қала, мұнда бәрі бірін-бірі таниды. Менің қызым жүктілік деген не екенін, туыс ағасының істегені зорлау екенін де білмегенін өзгелер түсінсе деймін", – дейді қыздың анасы.

Естеріңізге салсақ, 12 шілдеде 19 жасар Қарағанды облысының тұрғыны өзінің 13 жасар туыс қызын зорлағаны үшін бес жылға қатаң режимдегі колнияға кесілді.

 Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Ол қарындасымен жақын қатынасқа түскенін растады, дегенмен, оның екі жақты келісіммен болғанын айтады.  

19 жасар сотталушы қылмыс жасалған сәтте 17 жаста болған. Оның 13 жасар қарындасымен болған қатынасынан дүниеге қыз бала келген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!