Төлешов киностудиясының фильмін көрсетілім алдында Желіге "салып" жіберген

Фотография - Төлешов киностудиясының фильмін көрсетілім алдында Желіге "салып" жіберген

Today.kz тілшісі "Шымкент pictures" компаниясының тарихына шолу жасады.

607 0

Тоқтар Төлешовтың  "Шымкент pictures" киностудиясы "Ближний бой" атты қазақстандық-американдық боевик түсірген болатын. Кей мәліметтер бойынша, бұл компанияның жалғыз өнімі. Ол әлемдік прокатта табысты болады деп болжанған, алайда, картинаның көрсетілімі алдында оны Желіге "салып" жіберген, деп жазады Today.kz. Фильм бюджеті төрт миллион долларды құраған, деп көрсетілген "КиноПоиск" мәліметінде.

"Шымкент pictures" ЖШС 2005 жылы шағын кәсіпорын ретінде құрылған. Сол кзде АҚШ-та фильмнің түсірілімі басталған. Оның бас директоры Тоқтар Төлешов, режиссері – Еркен Ялғашев, сценаристер қатарында Ермек Тұрсынов болған.

Фото - Боло Янг (Bolo Yeung)Фото - Елена КрицкаяФото - Кэри-Хироюки Тагава (Cary-Hiroyuki Tagawa)Фото - Кунг Ле (Cung Le)

Басты рөлде тегі вьетнамдық Кунг Ле (Cung Le), жауыздың рөлінде Кэри-Хироюки Тагава (Cary-Hiroyuki Tagawa) ойнаған. Сонымен бірге, фильмге танымал Боло Янг (Bolo Yeung) және қазақстандық модель қыз Елена Крицкая түскен. Кино желісі бойынша, Эрика атты қазақстандық боксшы АҚШ-тан отанына оралады, өз елінде ол қылмыс әлемінің беделдісі Алибектің қолымен жасалған қылмысқа куә болады. Ол қайтып Құрама Штаттарына қашады. Дегенмен бандиттен қашып құтыла алмайды...


Кино 2006 жылы көрсетілімге шығуы керек болатын. Алайда фильмді көрсетілімнен бұрын белгісіз біреулер Ғаламторға орналастырған. Фильмды мына сілтеме бойынша көруге болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!