Алматыда ағашты тамырымен жұлып өткен Lexus темір үйіндісіне айналды

Фотография - Алматыда ағашты тамырымен жұлып өткен Lexus темір үйіндісіне айналды

Жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

1670 0

Алматыда Lexus IS 350 көлігі төрт ағаш пен қоршауға соқытығысқаннан кейін темір үйіндісіне айналды, деп жазады Today.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Lexus үлкен жылдамдықпен Абай даңғылының бойымен шығысқа қарай келе жатып, Баумана мен Розыбакиев көшелерінің арасында өзге көлікті басып озбақ ниетте автобус жолағына өткен. Осы сәтте жүргізуші көлікті басқара алмай жол қоршауына соғылады.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Lexus жүргізушісі жедел ауруханаға жеткізілді, көлікте ол жалғыз болған.

Қоршау мен төрт ағашқа соғылған көлік, ағаштың бірі тамырымен жұлынып қалды, қатты бүлінген. Ал көлік қозғалтқышы автобус аялдамасына қарай ұшып кеткен.

Нақтыланбаған мәліметтер бойынша, көлік ұрланған болуы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!