Көкшетауда қыз бала жігітті қызғанып үшінші қабаттан секірген

Фотография - Көкшетауда қыз бала жігітті қызғанып үшінші қабаттан секірген

Қыз баланың жағдайы туралы ештеме белгісіз.

186 0

Көкшетаулық қыз тұрғын үйдің үшінші қабатынан секіріп кеткен. Бұған жас жігітті қызғануы себеп болған, деп жазады Today.kz  Ақмола облысының ІДД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Полицияның мәліметінше, оқиға 11 шілдеде болған. Өзіне қол жұмсамақ болған сәтте қыз бала пәтерде өзінің құрбыларымен отырған. Зардап шеккен қыздың жағдайы туралы ештеме айтылмайды.

Ұқсас оқиға шілденің басында Астана қаласында да болған. Қыз бала "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінің 22-ші қабатынан құлап кетіп, мерт болған. Астанаға ол маусым айының ортасында Қостанайдан келген болатын. Ол еш оқу орнында студент емес және жұмыс та істемеген еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!