Қостанай облысында болған ЖКО-дан жедел жәрдем жүргізушісі мен дәрігер көз жұмды

Фотография - Қостанай облысында болған ЖКО-дан жедел жәрдем жүргізушісі мен дәрігер көз жұмды

Тағы алты адам ауруханаға жеткізілді.

403 0

Қостанай олблысында жедел жәрдем мен Toyota Prado көліктерінің соқтығысуынан екі адам көз жұмды. Тағы алты адам ауруханаға жеткізілді, соның ішінде екі бала да бар, деп жазады Today.kz  Қостанай облысы ауруханасның дәрігерлеріне сілтеме жасай отырып.

ЖКО Қостанай - Әулиекөл – Сұрған күре жолында 14 шілде күні сағат 21:45-те болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 48 жасар Ақтөбе облысының тұрғыны Toyota Prado көлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп, жедел жәрдем көлігіне соғылған.

Жедел жәрдем жүргізушісі мен 59 жасар дәрігер оқиға орнында мерт болды, ал олармен бірге болған фельдшер көптеген жарақаттармен Қостанай облысының ауруханасына жеткізілді. Toyota Prado салонында төрт адам болған, оның ішінде 16 және 14 жастағы балалар да бар.

"Санавиация ұшағымен бес адам Қостанайға жеткізілді. Тағы біреуін реанимобильмен жеткізді. Зардап шеккендерден екі адам,  оның ішінде фельдшер ауыр жағдайда", - деп хабарлады облыстық ауруханадан.

ЖКО оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!