Қарағандыда автобус зейнеткерді қағып өлтірді

Фотография - Қарағандыда автобус зейнеткерді қағып өлтірді

Жол-көлік оқиғасы 15 шілде күні Қарағандыдағы С.Сейфуллин көшесінде болған

157 0

Қарағанды қаласында 60 жастағы ер адам автобус дөңгелегінің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы 15 шілде күні Қарағандыдағы С.Сейфуллин көшесінде болған. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, "Қарағанды-Саран" қалааралық автобусының жүргізушісі зейнеткерді жаяу жүргіншілер жолынан өткізбей, қағып кеткен. Зардап шегуші оқиға орнында қаза тапты", - деді ІІД баспасөз қызметі.

Апат фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар жасалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!