Қарағандыда "Хан" мейрамханасында болған өрт 450 шаршы метр аумақты шарпыды

Фотография - Қарағандыда "Хан" мейрамханасында болған өрт 450 шаршы метр аумақты шарпыды

Өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

121 0

Қарағандыда "Шахтер" стадионы қасындағы орналасқан "Хан" мейрамханасы өртенді, деп хабарлайды Today.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Муталлаповқа сілтеме жасап. 

"16 шілдеде сағат 07.51 Қарағандыда "Олимпийская, 6" мекенжайында орналасқан "Хан" мейрамханасының отқа оранғаны туралы хабар түсті.  Жалын 450 шаршы метр аумақты шарпыды", - деп хабарлады Қуаныш Муталлапов.

Құтқарушылардың ақпаратынша, қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.

"Өрт сағат 09.22 ауыздықталып, сағат 09.29 жойылды. Тілсіз жаумен күресуге ТЖД 61 құтқарушысы мен 17 бірлік техникасы жұмылдырылды", - деп қосты ведомствоның баспасөз қызметінен.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!