Ақмола облысында көлік апатынан 3 адам көз жұмды

Фотография - Ақмола облысында көлік апатынан 3 адам көз жұмды

Жол-көлік апаты салдарынан "Renault Logan" жүргізушісі мен екі жолаушы, соның ішінде 13 жасар қыз қаза тапты

197 0

Ақмола облысында үш адам қаза тапқан жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Апат 15 шілдеде "Жезқазған - Петропавл" тас жолында Есіл ауданы Бұзылық ауылының маңында орын алды.  Полицейлер анықтағандай, Астана қаласының тұрғыны "Renault Logan" көлігінің 58 жастағы жүргізушісі Қостанай қаласына қарай жүріп бара жатып, қарсы жолаққа шығып кетті. Көлік "Toyota Land Cruiser" маркалы автомобиліне соғылды. "Toyota Land Cruiser" рөлінде  1986 жылы туған Маңғыстау облысының тұрғыны отырған.

Жол-көлік апаты салдарынан "Renault Logan" жүргізушісі мен екі жолаушы, соның ішінде 13 жасар қыз қаза тапты, деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен. 

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!