Алматыда белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы іздестірілуде

Фотография - Алматыда белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы іздестірілуде

24 жасар Сафар 16 шілдеден бері байланысқа шықпаған.

698 0

Алматыда 16 шілде сағат 07:00 шамасында қала орталығында белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар жоғалып кетті, деп жазады Today.kz. Бұл туралы отбасының досы Әзиз Жамбакиев айтып берді.

"16 шілде сағат 07:00-де Сафар із-түсссіз кетті. Соңғы рет оны Әл-Фараби даңғылындағы  "Қазкоммерцбанктің" орталық бөлімшесінде көрген. Ол жерге Сафар банкоматқа барған. Достарымен жүрген, олар бір іс-шарадан қайтып келе жатқан. Ол ақша шеше алмаған, сосын үйіне баратындығын айтып, сол күйі жоқ болып кетті", -  дейді Әзиз Жамбакиев.  

Досының айтуынша, бұрындары мұндай оқиға мүлде болмаған. Сафар "Технодомда" жетекшілік қызметте істейді және салмақтылығы мен міндеттілігімен ерекшеленеді.

"Сафар үйленбеген. Ол 24 жасқа толды. Ол салмақты жігіт, біз оны бірден іздей бастадық. Оның телефоны түнде өшіп қалған. Бізде ешқандай ой жоқ. Денсаулығымен қиындықтар жоқ, достарымен және отбасымен ұрсыспаған. Біз үшін бұл шок", - деді Жамбакиев.

Сафар Шәкеев қызғылт футболка мен көк джинсыда болған. Бойы 187 сантиметр, шашы қара, дене бітімі орташа. Қазіргі кезде криминалды полиция қызметкерлері жігітті қала бойынша іздестіріп жатыр. Сафар Шәкеевтің туыстары мен жақындары оны көргендер болса мына телефондар арқылы хабарласуын өтінеді: 87476264854, 87017878887, 87754788771.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!