Алматыда антитеррористік операция жүріп жатыр

Фотография - Алматыда антитеррористік операция жүріп жатыр

Адамдарды сақ болуын және күдікті заттар туралы полицияға хабарласуын сұрайды.

949 0

Алматы қаласы ІІД-де антитеррористік операция жүріп жатқандығы хабарланды, деп жазады Today.kz. Адамдарды сақ болуын және күдікті заттар туралы полицияға хабарлауын сұрайды.

"Алматыда 2016 жыл шілденің 18 күні антитеррористік операция жүретіні жарияланды. Осыған байланысты барлығын өз үйлерінен шықпауға, адамдар топталып жүретін орындарға бармауларын сұраймыз. Барлық күдікті тұлғалар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауларыңызды және құқық қорғау мен арнайы орган қызметкерлерінің әрекетіне түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз",- дейд іІІД баспасөз қызметінен.

Алматыдағы атыстар туралы сағат 11:00-де белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер көліктен оқ атқан. Атыс Никольский базары, Абай мен Байзақов қиылысында және Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында болған. Кейін Алматының АІІБ-ға шабуыл жасалғаны хабарланды. Куәгерлердің мәліметінше,  атыс ұйымдастырғандардың бірі болуы мүмкін күдіктіні ұсталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!