Алматы-1 вокзалынан 450 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Фотография - Алматы-1 вокзалынан 450 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Қараусыз қалған полимерлі пакет эвокуацияға себеп болды.

686 0

Ұмытылып кеткен полимерлі пакет үшін Алматы-1 теміржол вокзалынан 450 адам – 400 жолаушы мен 50 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды, деп жазады Today.kz.

"Теміржол вокзалының күту залында иесіз жатқан полимерлі пакет анықталды. 400 жолаушы мен 50 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды. 12:40-та тоқтату туралы бұйрық берілді. Барлық жедел әрекет ету қызметі ескертілді.  Қандайда бір жарлығыш зат анықталмады. Вокзал мен әуежай қалыпты режимде істеп тұр", - деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, полиция вокзалдағы оқиғаны Алматы АІІБ мен ҰҚК департаментіне жасалған шабуылмен байланыстырмайды.   



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!