Алматының әр тұсында адамдар кепілге алынды деген ақпарат жоққа шығарылды

Фотография - Алматының әр тұсында адамдар кепілге алынды деген ақпарат жоққа шығарылды

Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы тұрғындарды сабырлыққа шақыруда.

318 0

"Жұлдыз" ықшамауданы мен Бостандық ауданындағы Spa-орталықта адамдардың кепілге алынғаны туралы ақпарат жалған , деп хабарлайды Today.kz Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабына слітеме жасап.

Осыған байланысты қалалық штаб адамдарды сабырлық сақтап, себепсіз үрейге берілмеуін өтінеді.

Естеріңізге салсақ, куәгерлер Алматыда атыс болғанын сағат 11:00-де естіген. Қалада террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. ҚР ІІМ мәліметі ібойынша, шабуыл кезінде үш полицей және бір бейбіт тұрғын көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол бұрын сотталған 27 жасар Қызылорда облысының тумасы. Ол өткен демалыс күндері әйел адамды өлтірді деп күдікке ілінген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!