Алматыдағы атыс кезінде жараланған сегіз адам ауыр хәлде

Фотография - Алматыдағы атыс кезінде жараланған сегіз адам ауыр хәлде

ҚР ДСӘДМ мәліметінше, Республикалық санитарлы авиация ортлығы дайындық режимінде отыр.

772 0

Алматыдағы атыс кезінде жараланған сегіз адам ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Today.kz  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, сағат 17:00-дегі жағдай бойынша қаланың медециналық ұйымдарында таңертең қалада болған атыс салдарынан жараланған сегіз адам жатыр. Жедел көмек ауруханасына бес адам, қалалық орталық клиникалық ауруханаға – екі адам және А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығына бір адам жатқызылды", - делінген таратылған хабарламада.

Пациенттердің жағдайы ауыр деп бағалануда. Оларға қажетті медециналық көмек көрсетілуде. Республикалық санитарлы авиация ортлығы дайындық режимінде отыр.

Естеріңізге салсақ, Алматыда террористік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Қалада антитеррористік операция жүруде. ҚР ІІМ-нен хабарлағандай, Алматы АІІБ-не шабуыл кезінде кезекші жараланған, ал қылмыскер автоматты алып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол бұрын сотталған 27 жасар Қызылорда облысының тумасы. Ол өткен демалыс күндері әйел адамды өлтірді деп күдікке ілінген. Қалада "Сирена" жедел жоспары жүргізілуде. Барлық полиция қызметкерлері қылмыскердің сыбайласын іздестіруге жұмылдырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!