Алматыдағы теракт құрбандары алты адамға жетті

Фотография - Алматыдағы теракт құрбандары алты адамға жетті

Ауруханада тағы бір полицей көз жұмды.

1643 0

Алматыдағы теракт құрбандары алты адамға жетті, деп жазады Today.kz қалалық ІІД-ге сілтеме жасап. Ауруханада жол-патрульдік полициясының арнайы батльонының аға инспекторы, полиция лейтенанты Тимур Бегасылов көз жұмды.

"Бүгін, 2016 жылдың  19 шілдесі, сағат 13:45-те жедел көмек ауруханасының жансақтау бөлімінде жол-патрульдік полициясының арнайы батльонының аға инспекторы, полиция лейтенанты, 25.07.1986  жылы туған Тимур Бегасылов көз жұмды. Ол ЖКПАБ құрамында Абылай хан даңғылында қызметін атқарып тұрған. Р. Күлекбаевтың заңға қайшы әрекеттерін тоқтату кезінде оқ жарақатын алған. Шұғыл-жедел көмек көрсету ауруханасына ол өте ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер жас тәртіп сақшысының өмірі үшін соңына дейін күресті", - деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметінен.

18 шілдеде Алматыда теракт болды. Тергеу нұсқасы бойынша, 26 жасар Руслан Күлекбаев Алмалы ауданы ІІБ мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасаған. Ол Исламның дәстүрлі емес ағымын ұстанады деген болжам бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!