Ақмола облысында ер адам көлігімен абайсызда ұлын басып кетті

Фотография - Ақмола облысында ер адам көлігімен абайсызда ұлын басып кетті

Полицейлердің мәліметі бойынша қайғылы оқиға 20 маусым күні Шортанды кентінде орын алған

388 0

Ақмола облысында 35 жастағы ер адам көлігімен абайсызда ұлын қағып кетіп, мерт қылды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша қайғылы оқиға 20 маусым күні Шортанды кентінде орын алған.

"35 жастағы ер адам "Ауди С7" көлігімен үй ауласынан шегініп шықпақ болып, арт жақта жүрген баласын басып кеткен. Аудандық ауруханаға жеткізілгенімен 8 жастағы ер бала алған дене жарақатынан көз жұмды.Қазіргі кезде, баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, ҚР ҚК 345- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", деп көрсетілген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!