Полиция "Астана" - "Жальгирис" матчынан кейін жакүйерлерге дөрекілік танытқан

Фотография - Полиция "Астана" - "Жальгирис" матчынан кейін жакүйерлерге дөрекілік танытқан

Сурет: instagram.com/kumarbekov_f

Желі пайдаланушылары полицейлердің жанкүйерлерді итермелеген бейнежазбамен бөлісуде.

827 0

Instagram-да Елордада өткен "Астана" - "Жальгирис" матчынан кейін полицияның жанкүйерлерге дөрекіллік танытып жатқан бейнежазба пайда болды, деп хабарлайды, Today.kz. Бейнетаспада құқық қорғау органдарының "Астана Арена" стадионынан шығып жатқан жанкүйерлердің арқасынан итеріп, тіл тигізгені байқалады.

"Біздің құқық қорғау органдары жеңісті қалай тойлайды: автобустар өтіп жатқан жолға итеріп шағарады, қыздарды итереді, оның үстіне айқайлайды: Несіне қуанасыңдар, Италияны жеңгендей?!" – дейді роликтің авторы Фазыл Кұмарбеков.

Кей желі падаланушылары полицейлерді ақтамақ болған. Әлия Нұржанқызы құқық қорғаушылар әрекетін жанкүйерлердің өздерінің қауіпсіздігі үшін қажет екенін және стадин маңындағы оқиғаны Алматыдағы терактпен байланыстыра түсіндіруге тырысқан.

"Соңғы оқиғалардан кейін күш құрылымдары адамдардың жаппай топталуына жол бермеуге тырысуда, қандайда бір оқыс оқиға болмас үшін. Әрине, осылай тым дөрекі жасамау керек еді, бірақ мұның барлығы біздің қамымыз үшін. Бұдан оңды жағын көрейік", — депті бейнежазба туралы Әлия.



Естеріңізге салсақ, "Астана" мен "Жальгирис" арасындағы кездесуде 2-1 есебімен қазақстандық команда жеңіске жетіп келесі кезеңге өткен болатын. Олар енді келесі кезеңде қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс "Селтик" командасымен кездеседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!