Сафар Шәкеев туралы ақпарат үшін қосымша сыйақы тағайындалды

Фотография - Сафар Шәкеев туралы ақпарат үшін қосымша сыйақы тағайындалды

Белгілі композитордың ұлы алтыншы күн бойы табылмай жатыр.

911 0

16 шілдеде Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің туыстары мен жақындары ол туралы кез-келген ақпарат үшін қосымша сыйақы беретіндерін айтты, деп жазады Today.kz. Белгілі композитордың ұлы алтыншы күн бойы табылмай жатыр.

"Бүгін біз штабты түгелдей Ремизовкаға жылжыттық, өйткені Сафардың Есентайдың бойымен Ремизовкадағы өз үйіне жоғарлай жүргенін нақты білеміз. Біз әр квадратты шолып жүрміз, бізбен бірге полиция бар. Бізге жәрдем болатындай кез-келген ақпарат үшін қосымша сыйақы беретіндігімізді айтқым келеді. Ол алдыңғы 10 миллион теңге емес, басқа сомма. Бейнетіркеуіші бар жүргізушілер,  өтіп бара жатып көріп қалғандар, оны сол күні 08:00 мен 10:00 аралығында көрген адамдар 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін алады", - дейді Шакеевтер отбасының досы Виктория Моминбаева.

Сафар Шәкеев қызғылт футболка мен көк джинсыда болған. Бойы 187 сантиметр, шашы қара, дене бітімі орташа. Қазіргі кезде криминалды полиция қызметкерлері жігітті қала бойынша іздестіріп жатыр. Сафар Шәкеевтің туыстары мен жақындары оны көргендер болса мына телефондар арқылы хабарласуын өтінеді: 87476264854, 87017878887, 87754788771.

Сафар Шәкеев 16 шілде сағат із-түсссіз жоғалып кетті. Соңғы рет оны Әл-Фараби даңғылындағы  "Қазкоммерцбанктің" орталық бөлімшесінде көрген. Оны іздеуге бірден полиция қызметкерлері тартылды. Сафар Шәкеевті тапқан адамға оның туыстары мен жақындары 10 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындады. Экстрасенстер жігітті су бойынан іздеуге кеңес берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!