Теракт жайында жалған ақпарат таратқан күдіктіден жауап алудың бейнажазбасы

Фотография - Теракт жайында жалған ақпарат таратқан күдіктіден жауап алудың бейнажазбасы

Қыз бала ісіне өкінетіндігін айтады.

1025 0

Ішкі істер департаменті Алматыдағы теракт кезінде жалған ақпарат таратқан күдіктіден жауап алу бейнежазбасын жариялады. Бейнежазбада 21 жасар студент қыз өз ісіне өкінетіндігін айтады, деп хабарлайды Today.kz.

"Insagram-ға салған ақпаратты мен тексермедім. Мен оны ақымақтықпен салдым. Өкінем және кінәмді мойындаймын. Енді ондай қайталанбайды. Мені кешірулеріңізді өтінем", - дейді қыз.

Мұның алдында Алматыдағы 18 шілдеде болған теракт кезінде жалған ақпарат таратқан екі күдіктінің ұсталғаны туралы хабарланған. Олар 21 жасар студент қыз. Ол City Plus сауда үйінде адамдар кепілге алынды және адам шығындары бар деп жазған. Екіншісі, 23 жастағы жігіт. Ол қаланың төмен жағында қарулы 100 адам көшедегілерді атып жатыр деген ақпарат таратқан. Екі күдікті ұсталды. Оларға қатысты ҚР ҚК 274-бабының 2-тармағы бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Жақын уақытта оларға бұлтарпау шарасы таңдалады.


Сонымен қатар, полицияда жалған ақпарат таратқан өзге тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздеу шаралары жалғасып жатқандығын атап өтті.

18 шілде күні Алматыда теракт болды. Атыс туралы алғашқы ақпараттар 11:00-де келе бастады. Желі мен месенджерлер жалған ақпарат жазылған хабарлама мен аудифайлдарға толып кетті. Бұл ресми ақпараттың 1,5 сағаттан кейін ғана келе бастауынан орын алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!