Ақтөбеде полицейлер тәркіленген қарбызды жеп қойған

Фотография - Ақтөбеде полицейлер тәркіленген қарбызды жеп қойған

Олар тәркіленген тауарды толық қайтармаған.

398 0

Ақтөбеде саудагерлер полицейлерді тәркіленген қарбызды жеді деп айыптауда.

20 шілдеде Ақтөбе әкімінің орынбасары Жандос Байырханов қала көркін бұзып тұрған нысандарды аралаған. Байырханов базарға барып қайтқаннан кейін, полицейлер қарбыз бен қауын тәркілеген. Мәселе анықталғанан кейін тауар қайтарылған, дегенмен, толықтай емес. Кей саудагерлер полицейлер қарбыздың біразын жеп қойған деп пайымдады.

Базар әкімшілігінің өікілі Алдияр Даумовтың айтуынша, Орталық Базар аумағы сауда орны ретінде белгіленген және қаланың жалпы ауданына жатпайды. Сегіз жеке кәсіпкер қауын-қарбыз сатуға рұқсат алған. Оларда қажетті құжат, киім үлгісі барлығы заңға сай болды. Ал, 20 шілде күні Байырханов келіп, қауын-қарбыз саудасын жиыстырыңдар деген.

Кәсіпкерлердің бірі Тамара Юсуповнаның айтуынша, әкім орынбасары кеткен соң 10-15 минуттан кейін құқық қорғау органдары келген, олармен бірге "Таза қала" жазуы бар КамАЗ жүк көлігі қоса келген. Саудагерлер қарбызды жиыстырып, алып бара жатқанына қарамастан, полицейлер барлық қарбызды өз көліктеріне тиеген.  Ал сатушы Дина Уолдинова қарбыздарды бір жағынан тиеп жатса, екінші жағынан данасын 100 теңгеден өткен-кеткендерге сата бастағанын айтады.

Базардың заңгері Куаныш Сартбаев құқық қорғау органдарының ісі заңсыз екенін айтады. Олар сйәкес хаттама толтырып, қарбызды өлшеп, не санап алуы керек болған. Мәселе шешіліп, тауарды қайта алуға барған кезде, сегіз сауда нүкетсінің әр қайсысына 50-60 қарбыздан келген тауардан қалғаны - жарылған 50 қарбыз ғана.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!