Алматыда үшінші күн бойы 15 жастағы талапкер іздестіріліп жатыр

Фотография - Алматыда үшінші күн бойы 15 жастағы талапкер іздестіріліп жатыр

Қыз бала Алматыға колледжге түсуге келген.

886 0

Алматыда үшінші күн бойы туыстары 15 жасар Жансая Жақыпбердиеваны іздеуде. 20 шілде күні сағат 11:00-де қыз бала Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылынан шығып, қаладағы колледждердің бірінен тоқуға түсу шарттарын білмек болуға қалаға кеткен. Содан бері одан хабар жоқ, деп жазады Today.kz

"19:00-ден кейін байланыс үзілді. Телефоны сөндірулі. Ол оқуға түсу үшін қандай құжат керек екенін білу үшін Алматыға кеткен. Соңғы рет онымен анасы сөйлескен. Жансаяның айтқаны: "Алаңдамаңыздар, мен келе жатырмын", деген. Ол Саяхатқа жақындап қалғанын айтқан. Ал 20 минуттан кейін қоңырау шалған кезде телефоны сөндірулі болған. Автовокзалда кім көрінген жүруі мүмкін ғой", - дейді Жансаяның әпкесі Ақсүйген Жақыпбердиева. 

Туыстары бірден Талғар АІІБ-не адам жоғалғаны туралы арыз берген. Жансая отбасындағы бес баланың кенжесі.

Қыз баланың үстінде сұр кофта, қызыл-қоңыр мокасин, арқасында қызыл жолағы бар сұр рюкзагы болған. Жансаяның орнласқан жері туралы қандайда бір ақпараты бар адамдарды 87770188212, 87770188077 телефондары бойынша хабарласуды сұрайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!