KAZ Minerals кәсіпорнында жұмысшы жүк көлігінің астында қалған

Фотография - KAZ Minerals кәсіпорнында жұмысшы жүк көлігінің астында қалған

ТЖ 23 шілде күні Артемьевск өнеркәсіптік кешен аумағындағы Артемьевск кенінде болды

651 0

Шығыс Қазақстан облысында KAZ Minerals тобының кәсіпорнында жұмысшы көз жұмды. ТЖ 23 шілде күні Артемьевск өнеркәсіптік кешен аумағындағы Артемьевск кенінде болды, деп хабарлайды Today.kz.

"Артемьевск кеніндегі бетонды-қалау кешені аумағында цемент тасушы көлікті тиер кезде КамАЗ жүргізушісі кабинадан шығып, түсіру магистральін жалғамақ болған. Сол кезде көлік жүріп кетіп, жүргізушіні ғимараттың металды құрылысына жаншып тастады. Салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, көз жұмды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда", - дейді компанияның баспасөз қызметінен.

Оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Компания басшылығы мен әріптестері марқұмның отбасына көңіл білдірді.

Естеріңізге салсақ, Шығыс Қазақстан облысындағы Орловск кенінен үш адамның денесі табылған болатын. KAZ Minerals тобының қызметкері мен әскери тау-құтқару қызметінің екі өкілі газдан уланған деген болжам бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!