ОҚО-да көшедегі атыс кезінде өз үйінде отырған әйел жараланған

Фотография - ОҚО-да көшедегі атыс кезінде өз үйінде отырған әйел жараланған

36 жасар күдікті ұсталды.

384 0

ОҚО-да атыс кезінде 30 жастағы әйел мен 31 жастағы ер адам жараланды. Жібек жолы ауылының тұрғыны болып келетін әйел адам өз үйінде терезеге қараған сәтте қолынан жараланған. Зардап шеккен екінші адам туралы әзірге ештеме белгісіз, деп жазады Today.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 19 шілдесінде Сарыағаш АІІБ-ге оқ жарақатын алған 1985 жылы туған ер адам мен 1986 жылы туған әйел адам ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Екеуі де жергілікті тұрғындар", -  дейді баспасөз қызметінен.

Полиция мәліметінше, бетперде киген белгісіз адамдар мемлекеттік нөмірсіз Audi маркалы көлігімен Жібек жолы ауылының ішімен екі ер адамдың соңынан қуған. Қылмыскерлер бірнеше рет оқ атып, қашып бара жатқандардың бірін жаралаған. Сонымен қатар, күдіктілер осы кезде терезеден қарап тұрған 30 жасар әйелді кездейсоқта қолынан жаралаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!