Алматы полициясы Сафар Шәкеевті тікұшақпен іздемек

Фотография - Алматы полициясы Сафар Шәкеевті тікұшақпен іздемек

Тік ұшақ арқылы Алматы облысының су қоймалары тексеріледі.

390 0

Алматыда 16 шілде күні із-түссіз кеткен Сафар Шәкеевті іздеу жалғасуда. Полиция іздеу шараларына тікұшақ тартуды жоспарлауда, деп жазады Today.kz.

"Қазіргі кезде бейнежазба камерасымен жабдықталған авиациялық техниканың бірін ұшыруға дайындап жатыр. Тікұшақ Алматы облысының аумағын ұшып өтеді. Есентай өзеніне қосылатын су қоймаларының арналарын тексеру қажет. Кейін бақылау камерасындағы жазбаларды егжей-тегжейлі қарау керек", - дейді Алматы ІІД Криминалды полиция басқармасының бастығы, іздеу шараларының жетекшісі Жанболат Зиадин.

Мұның алдында іздеу шараларына атты топ қосылып, олар таулы аудандарды аралап шыққан. Сүңгуірлер Есентай өзенінде жұмыс істеді.

Сафар Шәкеев 16 шілде сағат із-түсссіз жоғалып кетті. Соңғы рет оны Әл-Фараби даңғылындағы  "Қазкоммерцбанктің" орталық бөлімшесінде көрген. Оны іздеуге бірден полиция қызметкерлері тартылды. Сафар Шәкеевті тапқан адамға оның туыстары мен жақындары 10 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындады. Экстрасенстер жігітті су бойынан іздеуге кеңес берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!