ОҚО-да жемқорлыққа күдікті депутат УҚА-ға қамалды

Фотография - ОҚО-да жемқорлыққа күдікті депутат УҚА-ға қамалды

Депутат өзге адам арқылы пара берген деп айыпталуда.

678 0

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Амангелді Сопбеков уақытша қамау абақтысына жабылды, деп жазады Today.kz Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроға сілтеме жасап. Сонымен қатар, Сопбеков Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің басшысы болып келеді.

"26 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті облыстық мәслихат депутаты, "Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі" МКҚК директоры А. Сопбековты ұстады", - делінген хабарламада.

Ұлттық бюроның нақтылауы бойынша, Сопбеков сыбайласы – осы мемекеменің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы А. Бекболатұлы арқылы ОҚО білім беру басқармасындағы қызметтік тұлғаға мемлкеттік грант бойынша қосымша орын алу үшін екі миллион теңге пара берген.

А. Сопбековке қатысты сот алды тергеу басталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!