Жамбыл облысында күйеу жігіт тойдың ертесі күні өлі күйде табылған

Фотография - Жамбыл облысында күйеу жігіт тойдың ертесі күні өлі күйде табылған

Жас жігітті полиция ұстап әкеткен, ал жарты сағаттан кейін ауруханаға жеткізілген.

4784 0

Жамбыл облысында 25 жастағы жігіт үйлену тойының ертесінде өлі күйде табылған.

Ерік Төреқұлов қуанышын атап өтіп жатып, жергілікті су бөгетінің күзетшілерімен сөзге келіп қалған. Осыдан кейін оны полицейлер алып кетіп, жарты сағаттан кейін полицейлер оны клиникалық өлім күйінде аудандық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер ешқандай амалы көмек бермеген.

Төреқұлов Қарақыстақ су электр стансиясы маңындағы су бөгетінде төрт досымен болған. Ол жерге суға түсуге болмайтындықтан 75 жастағы күзетші мен 20 жасар немересі келіп, кетулерін талап еткен. Жігіттер көнбеген соң, күзетшілер полицияны шақырып, Ерікті басты бұзақы етіп көрсеткен. "Біз сәл төмен түстік. Жарты сағаттан кейін жеке көлік келіп тоқтады да, одан учаскелік полицей шықты. Олар бірден Ерікті ұстап алып, себебін түсіндірместен көлікке итеріп тықты. Оны артқы орындыққа жатқызып, біреу басына, екіншұісі кеудесінен төмен отырып алды. Сосын учаскелік полицей:миллион беріңдер, босатам, деді де кетіп қалды", - дейді марқұмның досы Әли Башаев.

Жігіттер аздап ішкенін жасырмайды, Ерік тіпті полицейлерге қарсылық танытып, үш полицейдің бірінің қолынан тістеген. Бірақ, көлік кетіп қалғаннан кейін не болғанын ешкім білмейді. Төреқұловтың туыстары оның денсаулығы дұрыс болғанын айтады. "Менің жалғыз ұлымды өлтірді. Келінім жүкті. Енді онымен не болады? Енді не істейміз?" – дейді марқұмның әкесі Қуанышбек Төреқұлов.

Полицейлердің әрекетіне облыстық ІІД қауіпсіздік қызметі басқармасы сараптайды. 25 жасар жігіттің өлім себебі бір айдан кейін, сот-медициналық сараптама дайын болғанда жарияланады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!