Сафар Шәкеевтің денесі Алматыдағы Есентай өзенінен табылды

Фотография - Сафар Шәкеевтің денесі Алматыдағы Есентай өзенінен табылды

Суда жатқан адам денесін өтіп бара жатқан адам байқаған.

931 0

16 шілдеде із-түссіз кеткен Сафар Шәкеевтің денесі Алматыдағы Есентай өзенінен табылды, деп жазады Today.kz қалалық ІІД-ге сілтеме жасап. Суда жатқан адам денесін өтіп бара жатқан адам байқап, полицияға хабарлаған.

"Қалалық криминалды полиция бастығы оның Шәкеев екенін қуаттады. Тұлғасы анықталды, Шәкеевтің құжатары мен жеке заттары табылды. Өлім себебін анықтау үшін сот-медециналық сараптама тағайындалады", - дейді Алматы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтана Әзірбек.

Мұның алдында іздеу шараларына атты топ қосылып, олар таулы аудандарды аралап шыққан. Сүңгуірлер Есентай өзенінде жұмыс істеді.

Сафар Шәкеев 16 шілде сағат із-түсссіз жоғалып кетті. Соңғы рет оны Әл-Фараби даңғылындағы  "Қазкоммерцбанктің" орталық бөлімшесінде көрген. Оны іздеуге бірден полиция қызметкерлері тартылды. Сафар Шәкеевті тапқан адамға оның туыстары мен жақындары 10 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындады. Экстрасенстер жігітті су бойынан іздеуге кеңес берді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!