Шымкентте Mercedes аялдамада автобус күткен адамдарды қақты

Фотография - Шымкентте Mercedes аялдамада автобус күткен адамдарды қақты

Көлік жүргізушісі өз кінәсін толық мойындады.

119 0

Шымкентте Mercedes көлігі аялдамада тұрған жолаушыларды қағып, екі адам көз жұмды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады Today.kz. ЖКО 28 шілде күні сағат 07:00 шамасында болған.

Полицияның нақтылауынша, Төле би ауданының 20 жасар тұрғыны Леңгірге қарай бет алып бара жатып, рөлге ие бола алмай аялдамада автобус күтіп тұрған адамдарды қаққан. Алған жарақаттардан оқиға орнында 50 жастағы әйел мен 39 жастағы ер адам көз жұмды. 32, 30 және 24 жастағы үш ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін екеуі үйге жіберілді.

Көлік жүргізушісі өз кінәсін толық мойындады. Ол Шымкенттің уақытша қамау абақтысына жабылды. Сараптамалар тағайындалды. Сот алды терегу жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!