Атырау облысында малдың жаппай қырылуынан карантин жарияланды

Фотография - Атырау облысында малдың жаппай қырылуынан карантин жарияланды

Ауру түрінің экзотикалық болғандықтан өтемақы төленетін мал ауруының тізімінде жоқ.

425 0

Атырау облысы Құрманғазы және Исатай аудандарында ірі қара малдың нодулярлы дерматит ауруынан малдың жаппай қырылу себебінен карантин жарияланды, деп жазады Today.kz.  Қазіргі кезде қырылған малдың саны 130 бас, ал тағы 2,5 мың сиыр ауру жұқтырған.

"Карантин аумағында үй жануарлары мен құстарды сыртқа шығару мен ішке кіргізуге тиым салынған. Шығынды өтеу мәселесін бұл ауру түрінің экзотикалық болғандықтан өтемақы төленетін мал ауруының тізімінде жоқтығы қиындатып тұр", - дейді облыстық ветеринария басқармасы бастығының орынбасары Азамат Айтқалиев. 

Африкандық вирус белгілері малдардан 30 маусымда байқала бастаған. Кей жануарларда ыстық көтеріліп, денесінде жарақат пайда бола бастаған.

Кейін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Құрманғазы ауданы тұрғындарымен кездесіп, мемлекет қырылған мал иелеріне 100 пайыз өтемақы төлеуді жоспарлап отырғанын жеткізген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!